ӘкімдікБасты тақырып
Праймеризге белсенді атсалысқан үміткерлер марапатталды
Жуырда «Шұғыла мәдениет және демалыс орталығында» «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асқар Қазыбаев, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Сакен Займолдиннің қатысуымен праймеризге белсенді атсалысқан үміткерлер «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Оразалин Оңдасын Сейілұлының алғыс хаты салтанатты түрде табыс етілді.
Алғыс хатта «Елбасы «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқаныңыз үшін сізге алғыс айтамын. Праймеризге қатысу арқылы Сіз бастамашылдық пен азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсеттіңіз.Осы саяси дода барысында жинаған тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз келешекте кәсіби маман ретінде сіздің бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіңізге сеп болады деп сенемін.Сізге мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін.Алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспін!Біз біргеміз» — екендігі жазылған.
Бүгінде партия қатарын шынайы халықшыл азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік туғызбақ. Ал, толықтай алсақ, өзгермелі ахуал жағдайында жаңа саяси мәдениеттің пішіндері мен іргетасының қалыптасуына септігін тигізбек.
Осы орайда праймериз партияшілік сайлауына Ойыл ауданы бойынша 26 үміткер қатынасып бүгінгі күні әркезең бойынша өзара бақ сынасып үміткерлер жоғарғы деңгейде атсалысты.