ӘкімдікРухани жаңғыру
ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ: ҮЗДІКТЕР МАРАПАТ АЛЫП, ЖАСТАР ЖАРЫСТЫ
БИЫЛ 19 ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 29 ЖЫЛ ТОЛДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ АУДАНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ.
Шараның шымылдығын аудан әкімі Асқар Қазыбаев ашып, Ойыл ауданының Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлерін құтқарушылар күнімен құттықтады.
Одан әрі азаматтық қорғау органдарының құрметті ардагері, азаматтық қорғау подполковнигі Тимур Бактыгереев жылы лебізін білдірді.
Мерекеге орай табиғи сипаттағы әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюға және адам өмірін қорғауда қосқан зор үлестері үшін бірқатар қызметкерлер аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Шара соңы өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру және кәсіптік бағдар беру, төтенше жағдай кезіндегі шараларды жүзеге асыру мақсатында «Жас құтқарушы» мектепаралық спорттық ойындарымен жалғасын тапты.