Дәуір талабы – білікті ұрпақ

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінің ұйытқы болуымен Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның ұстаздары арасында «ХХІ ғасыр — білім мен біліктің дәуірі» атты ақпараттық-пікірлесу сағаты өткізілді.
ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтыратын жас өрендер легі өсіп-жетіліп келе жатқанын және білім мен біліктілік туралы Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның директоры Роза Ұлықпанова баяндаса, мұғалімдер жаңа дәуірдің талабына сай шәкірт тәрбиелеудегі өз ойларын ашық жеткізді.