Әлеумет
Ойылдың келіндері — 1 орын!
Мына жарық дүниеге келіп әр сәби ана әлдиімен өседі. Бесік жыры сәбиді үлкен өмірге жетелейді. Тәрбиенің бастауы- бесік жырында. “Ана әлдиі” республикалық байқауына Ақтөбе облысынан Ойыл, Әйтеке би, Қобда аудандары және Ақтөбе қаласынан 4 жеңімпаздың бесік жырын іріктеп жіберген едік. Кеше республикалық байқаудың қорытындысы шықты. «Ана Әлдиі» байқауының әділ қазылары: мәтін, сөз сапасы бойынша Камал Әлпейісова-жазушы, көркемдік жағы Қымбат Досжан -ұлттық арна дикторы , әуезі бойынша композитор Алтын Махамбет, әнші Бағдат Самеддинова және Баян Ахатаева «Қарашаңырақ» ҚБ директоры. Республика көлеміндегі байқауға қатысқандардың арасынан жүлделі І орынды Ақтөбе облысының Ойыл аудандық мәдениет үйнің “ОЙЫЛ АУДАНЫ КЕЛІНДЕРІ” иеленді. Сонымен қатар “Әнді орындау шеберлігі үшін” номинациясымен Ақтөбе қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің әдіскері СВЕТА ҚАБЛАНОВА марапатталды.