Әкімдік

Өзгерістер мен толықтырулар ауылдың көшелерін көркейтеді

Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Тарқатып айтсақ, аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №480 «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы талқыланды. Аталған мәселе бойынша Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қайнарбай Ұлықпанов баяндама жасады. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен  Қараой, Сарбие, Қаратал ауылдарының 9 көшесінің ауыл ішілік автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына – 283 571 мың теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар ол: «Жергілікті мекемелердің бюджеттік сұраныстары негізінде және «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен көзделген іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында аудандағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен (яғни, мемлекеттік мекемелерінен) қалыптасқан үнемдеу қаражаттары есебінен, бюджеттік комиссияның қарауымен және тұрақты комиссия ұсыныстарына қарай қаржылық қозғалыстар жасалады. Атап айтсақ: Конкурс нәтижесінен Ойыл ауылының көшелерінің автомобиль жолдарына орташа жөндеу бойынша үнемдеу сомасы – 158 мың теңге, Қараой ауылына кешенді-блок модуль бойынша – 955 мың теңге, Сарбие ауылына кешенді-блок модуль бойынша – 1 422 мың теңге, Қаратал ауылына кешенді-блок модуль бойынша – 3641 мың теңге үнемдеу, барлығы 6 176 мың теңге қысқартылып және аудандық бюджеттен оңтайландырылған қаржылар есебінен ауылдық округтердің бюджеттік өтінімдерін қамтамасыз ету көзделіп отыр.», — деді. Сондай-ақ, Қаратал ауылдық округіне алдыңғы өткізілген маслихат сессиясында «Тас бағанмен көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді» жүзеге асыру үшін «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасына орналастыру қажеттілігіне байланысты — 3 348 мың теңге, Сарбие ауылдық округіне «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша қалыптасқан — 166,0 мың теңгенің «Әкімшілік ғимаратына дезинфекция жасауға» – 150,0 мың теңгесіне, «1С бухгалтерия» бағдарламасының ҚҚС-на қажетті 16,0 мың теңгесіне ішінара ауыстырулар жасалғанын мәлім етті.

Муса Әділбайұлы,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар