Әлеумет
Ойыл аудандық мешітінің аллеясы ашылды
Ойыл ауданында жамағат пен кәсіпкерлердің, тұрғындар мен ерікті жастардың демеушілігімен бір жарым айдың ішінде 595350 теңгеге Ойыл аудандық мешітінің аллеясы ашылды. Ойыл аудандық мешітінің Бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы: «Жыл сайын дәстүрлі түрде аудан тұрғындары көне тарихи мешітіміздің көркеюіне мұрындық болып, мещіт жұмысының құрылысына қолдау білдіріп келеді. Ал биыл аудан жастары Ойыл аудандық мешітінің ауласындағы терек ағаштарының арасындағы бос орынға аллея салуды жөн көрді.Аталған игі шараға барша аудан тұрғындары мен жастар, жамағат пен кәсіпкерлерлер ынтымақ пен бірліктің негізін қағида ете отырып, ерікті түрде қаржы жинап, мешіт аллеясының ашылуына қолдау көрсетті» — дей келе, аллеяның ашылуы –қайырымдылық пен ізігіліктің жол бастауы екенін атап өтті. Аталған игі бастамаға қолдау білдірген әр жанға Алла Тағала сауаптан жазсын!