Әлеумет
Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан шет қалмайды
Жыл сайын елімізде қазанның әр екінші жексенбісі мүгедектер күні аталып өтеді. Бүгін “Шұғыла” мәдениет пен демалыс орталығында аудан әкімі Асқар Қазыбаев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті.
Кездесу барысында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, азаматтардың құқығын қорғап, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аударатынын айтты. Мүгедектер қоғамының төрағасы Тыныштыбай Шалабев “Мүгедектер күні, мейрам емес, есеп беру күні, ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі көмек көрсетілетінін олардың қоғамнан тыс қалмағанын» — айтып” сөзін жалғастырды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекболат Иманғалиев мүгедектерге қажетті қызметтер қолжетімді болуы үшін атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды. Іс-шарада мекеме өкілдері азаматтарға сый-сыяпат беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.