Спорт
Марафонның мақсаты – тең құқықтық тәрбие
Өткен аптада ауданда салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде ««Ансар» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі мен Ойыл аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» — атты жүгіру марафоны өтті.
Марафонға аудандық пробация қызметі есебіндегі азаматтар, аудан жастары, студенттер, спортшы жастар және мешіт жамағатынан қатынасып 3 км шақырымға жүгіріп өтті. Нәтижесінде Наурызбек Аленов 1 орын, Бексұлтан Сәлменұлы 2 орын, Самғат Аманжол 3 орынды иеленді. Жарыс соңынан марафонға қатынасушыларға арналып мерекелік дастархан жайылды. Пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қоғамдық шараларға тартып, олардың да осы қоғамның толыққанды азаматы екенін сезінуіне септігін тигізетін осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.