ӘлеуметБасты тақырып

МЕКЕМЕНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРТУ

Өткен аптада Ойыл ауданында «Ойыл газ шаруашылығы» мекемесінің биыл ғана бой көтерген ғимараты салтанатты түрде ашылды. Ғимараттың ашылу салтанатына «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Ақтөбе өндірістік филиалы басшысы Әсет Әбілашев арнайы келді. Алдымен сөз алған аудан әкімі Асқар Қазыбаев бой көтеріп жатқан ғимаратты ашылу салтанатымен және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Одан соң, «Ойыл ауданының құрметті азаматы», еңбек ардагері  Ғазиз Займолдаұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Ашылу салтанатына аудандағы бірқатар мекеме басшылары қатынасты.
Мекеменің лентасын Әсет Әбілашев пен Ғазиз Займолдаұлы қиды. Мекеменің салтанатты түрде лентасы қиылған соң, қонақтар ғимарат ішін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Р.S. Салтанатты сәттен соң аруақтарға құран бағышталып, қой сойылып, Ойыл селосындағы тұрмысы төмен үш отбасына берілді.

Басқа жаңалықтар