Әкімдік

Ветеринарлық қауіпсіздік — халық саулығының кепілі

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Қазыбаев ветеринария саласының мамандарымен және ауылдық округтердің мал дәрігерлерімен кездесті. Кездесу барысында аудан аумағында ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұсыныстар айтып, халықпен түсіндіру іс-шараларын жүргізуді тапсырды. Ақтөбе облысы ветеринариялық басқармасы Ойыл аудандық филиалы бас маманы Арсланбек Алдияров аудандағы ветеринариялық бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Ойыл аудандық ветеринариялық стансасы директоры Серік Сармұханов баяндама жасап, аудандағы ветеринариялық іс-шаралар жұмыстарын жүргізу барысында аудан тұрғындарының арасында түсініспеушілік, қарсылық білдіру сынды кедергілер жасап жататындығын айтып өтті. Сонымен қатар ауруды жою, аурудың алдын алып, болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Жиын соңында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгімен Қази Тайбуринді, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен Құдайберген Рамазан мен Төлепберген Өтеғалиевтарды марапаттады. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл мерейтойына орай «Құрмет грамотасымен» және ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесі үшін бір топ мал дәрігерлеріне алғыс хат табыс етті.

Басқа жаңалықтар