Басты тақырыпМәдениет
«Ақмаңдайлымды» әуелеткен әншіге арналған кеш
Биыл күміс көмей әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл. Осы орайда өткен жұмада аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жасқа толуына орай «Ақмаңдайлым» атты еске алу кеші өтті.
Кеш барысында мәдениет үйінің өнерпаздары кезінде Роза Тәжібайқызының орындаған тамаша әндерін шырқады.
Қазақ өнерінде қайталанбас із қалдырған тарихи тұлғаны еске алуға арналған кеште Роза Бағланова жайлы арнайы дайындалған фильм көрсетілді. Онда Роза апамыздың өнеріне қысқаша шолу жасалды.
Кеште Роза Бағланованың репертуарындағы қазақ халық әндері, қазіргі композиторлардың шығармалары орындалады. Халық арасында кең тараған «Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Екі жирен», «Іңкәрім-ай», «Ақ тамақ» тағы да басқа әндерді көрермен қосыла шырқап, ауыл үлкендерінің көңілдерін бір серпілтіп тастады.