Басты тақырып

РЕФЕРЕНДУМ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ

Тәуелсіздігіміз алғашқы үшінші он жылдығына толған шақта еліміз Жаңа Қазақстанды құруға көшті. Ол үшін еліміздің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат – Ата заңымыз өзгеруі тиіс деген шешім қабылданды. Қазір тұтас Конституцияның үштен біріне түзетулер енгізілгелі тұр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолы оңтайлы жолды таңдап, жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынды.

Осы орайда кеше ауданымызға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты, Республикалық партия мүшесі Ғалымжан Елеуов бастаған топ ауданға арнайы іс-сапармен келді. Референдумды қолдау мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата Заңға өзгеріс енер шақта әрбір азаматтың белсенділігі үлкен рөлге ие екенін айтты. Алдымен «Тәжібай-Агро» ЖШС-де болған ақпараттық-насихаттық топ аталған шаруашылықтың жұмыс барысымен таныстып, кәсібіне береке тіледі. Одан кейін аудандық аурухана ұжымымен кездесіп, медицина саласындағы ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Әрі қарай іссапарды Екпетал елді мекенінде жалғастырып, ауыл тұрғындарымен ашық әңгіме жүргізді. Елді мекендегі балабақша мен мектепке де бас сұғып, ұстаздарға ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халықтың қатысуы қажет екенін, әр қазақстандықтың талап-тілегі маңызды болғалы тұрғандығын ашық айтты. «Референдум – Жолдауда жарияланған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің прицпін өзгертеді. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі», — деді Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бақыт Жаншаева.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар