Әкімдік
«Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі»
Сәуір айының соңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты отыз бірінші сессиясы өтті. Мемлекет басшысы еліміздегі бірлік пен бейбітшіліктің мән-маңызына тоқталды.
«Бірлік,татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз»,- деді мемлекет басшысы. ҚХА – тәуелсіздіктің, егемендіктің жеңісі. Бүгінгі таңда біздің еліміз өз дамуының маңызды кезеңінде. Бұл біздің өткеніміз бен бүгінімізде нақты орын алып, өмірлік тәжірибемізде қабылданып, халықтың арасында көрініс тауып, үздіксіз жүріп жатқан әңгімелер, келешек ұранымыз да осы бағытты қамтып қала бермек. Осындай дүниемен қол жеткізген келісім – тек Қазақстанның ғана емес, әлем елдерінің алдындағы басты мәселе болуы шарт деп ойлаймын. Әр жыл сайын сессия алаңында талқыланып, алға қойылатын тапсырмалар бүгiнде iске асып, нәтижесiн беруде. Елiмiздiң жаңа тарихының шешушi кезеңдерiнде ассамблея әрдайым тұ¬¬рақ¬¬¬тандырушы және бiрiктiрушi рөл ат¬¬қарды. Бағдарлай қарасақ, шынында да бiздiң елiмiз келiсiм мен бiрлiктiң арқасында талай биiктi бағындырып келедi. Ассамблеяға сын-қауіп төнгенде, тәуелсіздіктің барлық кезеңінде биік белестен көрініп, өзінің даңғыл жолындағы ісін жалғастыра берді. Оның тарихында бiздiң ұлттың өрлеу дәуiрiнiң кезеңдерi мен нақты нәтижелерi көрiнiс тапқан.
Қазiргi таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан қоғамындағы тұрақтылықты сақтау үшiн барлық тетiктердiң қалыпты әрi тиiмдi жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Бұл бәрiне үлгi болып отыр. Әрине сессияны жылдағыдай ерекше зор үмітпен күттік. Себебі, қазақстандықтар үшін әр жыл сайын болатын сессияның маңызы өте зор. Ел үшін, жер үшін маңызды шешімдер қабылданады. Биылғы сессияда мені елең еткізген ең басты нәрсе Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев Конституцияға және елдің саяси жүйесіне түбегейлі әсер ететін өзгерістер енгізуге бастама көтергені. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқалы отырған референдумға қатысу арқылы біз еліміздің болашағына үлесімізді қосамыз!
Алла ДУРМАНОВА,
«Достық» клубының мүшесі.