ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«Адалдық туын» Темірліктерге тапсырдық

Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамды» орындау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бағыты бойынша Ақтөбе қаласынан бастау алған «Адал жол – Честный путь» марафон-эстафетасы облыстың әрбір аудандарының бір-біріне марафонның туын ресми түрде табыстау арқылы жүзеге асырылуда.

Яғни, бесінші мамырда Қобда ауданынан «Адал жол – Честный путь» марафон-эстафетасының туын ойылдықтар үлкен сеніммен қабылдап алған еді. Сол уақыттан бері ауданымызға аялдаған «Адалдық туын» жерлестер сыйбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған әр түрлі іс-шаралар өткізумен желбіретті. Біздің ауданда жиырма күнге жуық желбіреген «адалдықтың туын» кеше көршілес Темір ауданына салтанатты түрде табыстады. Мемлекеттік қызметте жүргендер орталық саябаққа жиналса, айтулы шараға аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйытқы болды. Мемлекеттік қызметшілерге арналған патриоттық әндер саябақ көгін тербеді. Осы сәтте сахна төрінде сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев әр мемлекеттік қызметкер еліне адал қызмет атқару керектігін жеткізіп, «Адал жол – Честный путь» марафон-эстафетасының туын Темір ауданы әкімінің орынбасары Болат Шайымовқа табыстады. Келесі сөз кезегінде Темір ауданы әкімінің орынбасары Болат Сейтенұлы қоғам мен мемлекеттің бірлесіп жұмыс жасау арқылы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге болатындығын атай отырып, «Адал жол – Честный путь» марафон-эстафетасын Темір ауданында жалғастыруға сөз берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және оны іске асыруды жалғастыру» деп атап көрсетуі еліміздің әрбір азаматына жауапкершілікті жүктей отырып, бүкіл қоғамның күш жігерін жемқорлыққа ымырасыз қарсы тұруға, оның пайда болу себептерін жоюға бағыттайды. Демек, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, адал еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды дарытып әлемдік бәсекелестікке  шығу – қоғамның даму екені даусыз.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар