ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Табиғаты тамаша ауылдардың тұрғындары тек мал бағумен шектеліп отыр
Аудан әкімі Дастан Сағыров ауданымыздағы қызметін алдымен әр ауылдарға танысу сапарын бастады. Мақсат тек танысу ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түріп, ауылға қатысты өзекті мәселелерді білу. Барлық селолық округтерді аралап шыққан аудан басшысы соңынан іргедегі Екпетал елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Ойыл селолық округінің әкімі Жаңабаз, Екпетал қос елді мекен туралы қысқаша таныстырды. Негізгі проблемаларын да айтты. Өзен мен орманның арасында орналасқан шағын екі ауыл шаруашылыққа сұранып тұр. Жасайтын адамға кәсіптің көзі көп. Әзірге жеке адамдар ши тоқып, тал шауып, азын-аулақ сүт өнімдерін аудан орталығына әкеліп сатады. Аудан әкімі тұрғындарға ауылда бау-бақша көлемін ұлғайтып, ет, сүт өнімдерін көбейтіп сатуды ұсынды. Шағын ауылдың кооперативке бірігудің тиімді екенін айтты. Кездесуде одан басқа, мал тұқымын асылдандыру, күтуін ұйымдастыру, бағылуын қадағалау секілді өзекті мәселелер қозғалды. Екпеталға ауыз су кірді. Ал су қоймасының түбінде тұрған Жаңабаз елді мекенінің тұрғындары аудан басшысынан ауыз су құбырын тартып беруін сұрады. Тұрғындардың басты тілегі осы.
«Орталық көшеге құбырын тартып берсе, ары қарай өзіміз кіргізіп алар едік» — дейді олар. Аудан басшысы бұл шаруаны реттеп, су құбырын тарту жұмыстарын село әкіміне тапсырып өзі қадағалайтынын айтты.