Басты тақырыпСпорт
БЕЙБІТТІҢ ЖЕҢІСІ
Өткен аптада Ақтөбе қаласында қыздар мен жасөспірімдер арасында дюздо күресінен облыс чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Ақтөбе қаласы және Ойыл, Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау, Шалқар, Алға, Ырғыз, Әйтеке би аудандарынан 150-ге жуық спортшы қатысты. Осы жарысқа Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 4 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 52 кг салмақта ешкімге дес бермеген Бейбіт Қажымұқанқызы облыстың чемпионы атанды. Аудан спортының мәртебесін көтеріп, Астана қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.
Ойылдықтардың жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіске жетулеріне бірден-бір себепкер болған жаттықтырушысы Азат Шерниязовтың еңбегін ерекше айта кеткен жөн. Алдағы уақытта ұстаз бен шәкірттің алға қойған мақсаттарына жетуіне сәттілік тілейміз.
Г.АЛЕКСЕЕВА