Референдум
Референдум халық пен мемлекет арасындағы байланысты да күшейтеді.

Халықтың пікірін тыңдау және оны шешім қабылдауда ескеру билікке деген сенімді арттырады. Бұл демократиялық қоғамның дамуына және елдегі тұрақтылықтың сақталуына әсер етеді.
Қорыта айтқанда, референдум – халықтың еркін білдірудің маңызды жолы ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлікті нығайтатын тиімді құрал. Ол азаматтарды ел болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырып, ортақ мақсатқа жұмылдырады. Сондықтан референдум халықтың бірлігін арттыруда үлкен рөл атқарады.
Бисекенова Гулнара
“Шұғыла” мәдениет және демалыс орталығы



