Басты тақырып
«ЖACЫЛ МEКEH» — ТAБИҒAТҚA ҚAМҚOPЛЫҚ
ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ 20 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ 650 ОҚУШЫСЫ, 180 ПЕДАГОГЫ «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ.
Өткен сенбі күні өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыру дамыту мақсатында елорда уақытымен бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтті. Челлендж аясында экологиялық сағаттар өткізіліп, мектеп ауласына тал көшеттері отырғызылды. Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Меруенов қатысып, «Жасыл мекен» акциясында оқушылармен бірге атсалысты. Ашылу салтанатында киелі жерімізді қорғап, аялау әрбір адамның міндеті екендігін баса айтып, барша оқушыларды еліміздің гүлденіп, өсіп өркендеу жолында абыройлы қызмет етуге шақырды.