ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҚЫЛМЫСҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ!

Өткен апта аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың, аудан прокуроры Нұрлыбек Жолаевтың қатысуымен аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырыс өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2022 жылдың өткен кезеңі бойынша ауылдық округтерде жасалған құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар, аудан көлемінде қылмыс санының өсу дерегі тіркелген Ойыл және Саралжын ауылдық округтері әкімдерінің баяндамалары тыңдалса, екінші мәселе бойынша ішімдік ішкен күйде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша атқарылған профилактикалық шаралар туралы және нашақорлық пен есірткіге қатысты қылмыстар төңірегінде аудандық полиция бастығының міндетін уақытша атқарушы Дархан Ғалымжановтың баяндамасы тыңдалды.
Отырыс барысында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында ауылдық округтердегі бейнекамералар санын арттыру, істен шыққандарын жөндету, рейдтік шараларды ұйымдастыруды жолға қою, көлік-құралдарын басқару ережелері мен талаптарының сақталуын қадағалау, заңсыз алкогольдік өнімдер сатуға жол бермеу, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жандандыру тапсырылды.
Жиын барысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелер хаттамаға енгізіліп, оң нәтижелі жұмыстарды атқару тапсырылды.

Басқа жаңалықтар