ӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру

ЖАПОН ҒАЛЫМЫНЫҢ ОЙЫЛҒА САПАРЫ — ТАРЫНЫҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСУ

2023 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясында Халықаралық тары жылы болып жарияланды. Өткен аптада Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің тарысын 40 жыл зерттеген зерттеуші, Жапония мемлекетінен келген «Осака Гакуин» университетінің этноботанигі, профессор – Эмико Такеи және жер жаннаты Жетісу өңірінен аудармашы, этноботаник Жанна Қаржаубекова ауданға келді.
Көп жылдардан бері армандаған арманы Шығанақ Берсиев елін көру, тары егу, дайындалу тәсілдері туралы толық мәлімет алу болатын, міне бүгін осы арманы орындалып, алдымен ауданның тарихи орындарын аралап, ауданның өткен ғасырдағы тарихынан жан-жақты ақпарат алды. Даңқты диқан, тарыдан мол өнім алудан дүние жүзінде теңдесі жоқ көрсеткішке ие болып, «Ойылдың ақ тарысын» дүниеге танытқан, әлем рекордшысы атанған, ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің музейімен таныса отырып, ХІХ ғасырдың мұрасы, Ойыл тарысының қазіргі таңға дейіңгі егілу, дайындалу тәсілдері туралы деректерді жинақтай отырып, Ойыл халқының осындай шағын аудан болса да мәдениетті халық тұратынына ерекше риза болды. Сонымен қатар, Ойылдың қызыл тарысын өз еліне алып кетті.

Басқа жаңалықтар