ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«ӘЛИЯ-ҚАҺАРМАНДЫҚ ДАСТАНЫ»

Қаршадай ғана қазақ қызы небәрі 19 жасында ерлікпен қаза тапты. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында Әлия ел сүйсінерлік ерлік жасап, өшпес із қалдырып кетті.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда аудандық бөлімінің «Құт қонған Қобда елінің батырлары мен тарихи тұлғалары» және «Әлия — қаһармандық дастаны» атты жылжымалы көрмесін ұсынды. «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында ойылдықтар тағдыры ерлік жасаудан басқа жол қалдырмаған, ал ерлігі мәңгілік тағдырына айналған қазақтың батыр қызы туралы әдемі шараның куәсі болды. Шара барысында Әлия Нұрмұхамбетқызының өмірі мен ерлігі туралы мәлімет беріліп, шақырылған қонақтар өскелең ұрпаққа жылы лебіздерін айтып, тілек білдірді.
Тағылымы мол шараға мәдениет қызметкерлері, зейнеткерлер, өлкетану клубының мүшелері мен оқушылар қатысты. Батыр қыздың өмірі мен ерлігін ұлықтаған шарада өмірбаяны, ерлігі, ескерткіштерімен тың зерттеулері жан-жақты бейнебаян, слайдтар арқылы көрсетіліп, таныстырылды.
Сонымен қатар облыстық тарихи-өлкетану музейі Қобда аудандық секторының меңгерушісі Гүлбаршын Ерғалиева «Әлия — қаһармандық дастаны» көрмесімен таныстырып өтті.
Бұл шара келер жылғы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерей тойының бастамасы ретінде аталып өтілді.

Басқа жаңалықтар