ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Ойылдың болашағы жарқын болады
Мұғалімдер қай уақытта да белсенді. Барлық жерде де саяси науқанның бел ортасында мұғалімдер жүреді. Солардың бірі – қырық жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Рая Базарова. Рая Какиқызы бүгінде алғашылардың бірі болып Ойыл селосындағы №392 сайлау учаскесінде таңдауын жасады. «Еліміз бойынша тұңғыш рет өтіп жатқан аудан әкімінің сайлауы Ойыл ауданынан басталуы аудан халқы үшін ерекше құрмет деп білемін. Әкімдікке үміткерлердің барлығына сәттілік тілеймін. Бүгінгі сайлауда халықтың таңдауы түскен әкім елдің үмітін ақтайды деген сенімдемін. Тарихы терең, киелі Көкжардың ізіндегі көркейген Ойылдың көкжиегі кеңейіп, болашағы жарқын болады деп ойлаймын!» — дейді Рая апай.