Әлеумет
АЭС — қазіргі әлемдегі ең маңызды электр энергиясының көздерінің бірі
АЭС — қазіргі әлемдегі ең маңызды электр энергиясының көздерінің бірі. Бұл технологияның қалыпты жағдайға айналғанын ескере отырып, қорқынышты жағдайды тудырудың қажеті жоқ!
Жалпы бейбіт атом энергиясын пайдалану – бүгінгі глобализация үдерісіндегі әлемнің ең өзекті, сонымен қатар қарама-қайшылығы көп мәселесінің бірі. Ядролық энергияның тиімділігі мен тұрақтылығы біраз елге оны таза энергия көзі ретінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Десе де әлем назарында күні бүгінге дейін үлкен сұрақ болып тұрған бір мәселе бар. Ол – атом энергиясының қаупі мен радиоактив қалдықтарды реттеудің қиындығы. Әлемнен шет қалып, жабық мемлекет болып өмір сүріп жатқан түгіміз жоқ. Әлем ортақ, жер ортақ. Енді бұл сауал қазір бізге де қойылып отыр. Қазақстан үшін де АЭС салу мәселесі өзекті. Қазақстан билігі мерзімін ресми бекіткен 6 қазан күні АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтуін дұрыс деп санаймын.