Білім

Биыл еншімізде — 20 «Алтын белгі»

Биыл ауданымыздағы 12 орта мектепті 163 түлек аяқтады. Оның ішінде 20 түлек «Алтын белгі» иегері болса, 7 түлек «Үздік аттестат» иегерлері. 12 маусым күні ауданның барлық мектептерінде аттестат беру кеші ұйымдастырылды.
Осы орайда сол күні Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде өткен шараға аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы арнайы қатынасып, түлектерді айтулы күнмен құттықтап, сәттілік тіледі. Екі «Үздік аттестат» иегері Әсет Дайынова мен Дәметкен Сағынбаеваларға мектеп бітіргендігі туралы құжатты өз қолымен тапсырды.
Биылғы жылы әрбір «Алтын белгі» иегеріне облыс әкімінің атынан алғыс хат пен арнайы сыйлық — қолсағат табысталды. Олардың қатарында біздің 20 түлегіміз бар. Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге 149 түлек өтініш білдіріп отыр. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу биыл ауданымызда 20 маусым күні өтеді.

Басқа жаңалықтар