ӘкімдікБасты тақырып

Партиялық бақылау жұмысы күшейтілді

Қазіргі таңда елімізде қауіпті індеп тарап, пневмония өршіген тұста қай бір адамның болса да көкейінде тұрған сауалдардың бірі –«Дәрі-дәрмек неге тапшы? Неге қымбат?». Әйтсе де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде коронавирус өршіп тұрған кезеңде елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі таяю күндері шешілетіндігін атап өтті. Сондықтан барша аудан тұрғындарын тұтастай ауыз бірлікте төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтауға шақырамыз!

Міне осы орайда өткен аптада «Nur-Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Жиеналин және аудандық мәслихат депутаттары аудан орталығындағы  дәріханаларды аралады. Онда алдымен дәріханаларда халықтың сұранысына сәйкес қандай дәрі-дәрмектердің жетіспейтіндігін сұрады. Барлық дәріханаларда тұрғындар парацетамол, ыстықты төмендететін және вирусқа қарсы препараттарды жиі сұрайтындығын жеткізді. Десе де соңғы аптада дәріханаға келіушілердің қатары сиреп келе жатқандығын атап өтті. Алайда дәріханаларда дәрілердің жетіспеушілігі байқалады. Тіпті парацетамол, аспирин, цитрамон сынды дәрілер мүлде жоқ. Себебі бұл дәрілер облыс орталықтарының өзінде тапшы екені жасырын емес. Қазіргі жағдайда антибиотиктер дәрігердің арнайы толтырылған рецепінсіз кез келген адамға берілмейді. Орталықта орналасқан дәріханаларда дәрі-дәрмектер бағасы 20-30 пайызбен сатылса, аудандық аурухана жанындағы дәріханада 5-10 пайызбен сатылып жатыр. Сондай-ақ аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаевпен тікелей тілдескен арнайы топ өкілдері медицина саласы бойынша біздің аудандағы ахуалды ашық түрде талқылады. Науқастарға оттегі аппараты мен қосымша қажетті заттар алып беруге көмектесетіндігін жеткізді.

P.S. Жоғары да аталған топ өкілдері аудандағы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимараттарға партиялық бақылау өткізді. Партиялық бақылау кезінде арадағы келісім-шарт бойынша жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуы мен сапалы болуын талап еткен жергілікті билік өкілдері мердігерлердің жұмысына сын-ескертпелер жасады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар