ӘкімдікБасты тақырып

Ауқымды жұмыстар аз күндерде аяқталады

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау тобы Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясы жанындағы көне ғимаратқа жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен «Шернияз» көшесінің асфальтталу барысымен және жаңадан бой түзеп жатқан Спорт кешенінің құрылысына бақылау жұмыстарын жүргізді.

 

 

 

Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясы жанындағы көне ғимаратқа «Стройком-сервис» ЖШС жасап жатқан күрделі жөндеу жұмысы қызу жүріп жатыр. Қазан айының 27 тапсыруға дайын екендерін айтты. Бұған дейінде бірнеше рет партиялық бақылау жүргізген топ жұмыстың сапалы жасалып жатқанына куә болды. Одан кейін көптен бері кешеуілдеп қалған Шернияз көшесінің асфальтталу барысымен танысты. Мердігердің айтуынша, жолдың сапалылығы мен жұмыстың жасалу барысына алаңдауға негіз жоқ екенін атап өтті. «Жол төсеуге бөлінген қаржы жағы да шешілген шаруа», — дейді. Тек асфальтты тасымалдау үшін аз уақыт аялдай тұруға тура келген. «Ерхат жолдары» ЖШС аталған көшені үш күннің ішінде бітіретіндіктерін жеткізді. Ал, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында мамыр айында басталған денешынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің құрылысын мердігер «Сұңқар құрылыс ITD» ЖШС келесі жылдың сәуір айында тапсыруы тиіс болатын. Алайда қаржы жағында ешқандай мәселе болмағандықтан спорт кешенін ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.

 Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар