ӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру

Тарышыға тағзым – ұрпаққа міндет!

Өткен бейсенбіде Ойыл ауданында даңқты диқан Шығанақ Берсиевтің 140 жылдығына орай мерекелік шаралар басталды. Мерекелік шараға ауданның құрметті азаматтары мен Шығанақтың ұрпақтары келді.

Алдымен қонақтар Шығанақ Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейіне жиналып, арнаулы көрмелерді тамашалады. Одан кейін Шығанақтың ауылына ат басын тіреп, ата ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аяқ астынан бұзылған ауа-райы Шығанақ атаның кесенесіне баруға мүмкіндік берген жоқ. Қараталда ат аруағына арнап, құран бағышталып, ат берілді. Дастархан басында ел ағалары мен Шығанақ атаның ұрпақтары диқанның ерен еңбегі мен адамгершілік қасиеттері туралы тағылымды әңгімелер айтты.
Түстен кейін қонақтар Шығанақ атаның жүлдесін үшін ұйымдастырылған волейболдан аудандық біріншіліктің ашылу салтанатына қатысып, биыл көктемде пайдалануға берілген дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.

Басқа жаңалықтар