Басты тақырып

Мәселе — мал азығының бағасы мен сапасы

Тұрғындар жиыны

Бүгін Ойыл селосы тұрғындарының кезекті жиыны өтті. Әдеттегідей мал азығын дайындау маусымы алдында өтетін жиынға аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлейменов пен Ойыл селолық округінің әкімі Сәндібек Дәулетқалиев және Ойыл селосының тұрғындарын мал азығын қамтамасыз етуші кәсіпкерлер қатысты.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлейменов бүгінгі кездесудің мақсатын түсіндіріп, мал азығын дайындаушылардың ұсынар бағасына құлақ асты. Әрине, даладағы шөптің аулаға жеткенше қанша еңбекпен келетінін білеміз. Дегенмен, тұрғындардың өз уәжі бар. Бағасына дегенде мал азығын дайындаушылардың ұсынысына билік өкілдері де, тұрғындар да тоқтады. Ал, сапасы дегенде тұтынушылардың көңілінен шықпай отырған оның көлемі мен салмағы. Бұл мәселе алдағы уақытта ауданның шабындығынан берілген жерлерден мал азығын дайындаушылармен шөптің көлемі мен салмағы келісім шартта көрсетіле отырып реттелетін болады.

 

Басқа жаңалықтар