Басты тақырып

Ақтөбе облысындағы алғашқы халық судьясы

  «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы мақұлдануына байланысты биылдан бастап 24 маусым - жаңа кәсіби мереке - «Судья және сот қызметкерлері күні» ретінде атап өтіледі.

   Осы мереке қарасаңында сот саласында ұзақ жыл қызмет еткен тасқа шапса да жүзі қайтпайтын алдаспандай, түрлі даулы мәселелерде қара қылды қақ жара әділдік айтқан, атқарған еңбектері көзге көріне бермей тасада қалатын, ел мүддесі ушін жанын қиюға да даяр азаматтар мен қауіпсіздік үшін жар құлағы жастыққа тимей жүрген ел ағаларының еңбектері өлшеусіз, құрметке лайық тұлғалардың бірі осындай тәуелсіз еліміздің-тәуелсіз соты саласында, елге қызмет етіп келе жатқан Сабила Нұғыметованың еңбек жолы мен өмірі бүгінгі буынға өнеге.

Сабила Нұғыметова 1949 жылы 3 сәуірде Ресей Федерациясының Орынбор облысы Белозерский ауданы Ольшанка ауылында дүниеге келген. Бала кезден алғыр болып өскен ол ауыл іргесіндегі білім ордасының табалдырығын аттаған.Үлкеннің айтқанын екі етпей қағып алатын, мектепке үлкен дайындықпен барып ұстазынан жақсы баға алуды алдына мақсат етіп қойған дарынды жас,сыныптағы алдыңғы қатардағы оқушылардың бірі болған. Мектеп бағдарламасын еркін меңгеріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан Сабила жанындағыларды бір әдіске үйіріп алып кететін ұйымдастырушылығының арқасында мектепті бітірген соң, Сабындыкөл ауылында мәдениет үйінің меңгерушісі болып еңбекке араласты. Қоғамдық ортамен байланысы бар, өзі де өнер мәдениетке жақын, жалындап тұрған жас осы салада бір жыл қызмет етіп, 1967 жылы аудандық сот қызметіне жас маман — сот орындаушысы болып орналасады.

Қолынан іс келетін жас қай саланың да сұранасына ие. Қолы тиген қай жұмысты да жаңдандарып жіберетін Сабила апай 1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдап, заң саласында қызметін жалғастырады. 1983-1985 жылдары аралығында Қобда аудандық сотының судьясы, 1985 жылдан 2000 жылдар аралығында Қобда аудандық сотының төрағасы, 2000 жылдан 2008 жылдар аралығында Ойыл аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып, 2008 жылы құрметті демалысқа шыққан, отставкадағы судья, Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының мүшесі, ал 2008 жылдан бастап осы күнге дейін Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы құрамында адвокат болып қызмет атқарады.

Сабила Галеевна еңбек еткен жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары сотының Алғыс хатымен, Судьялар Одағының «Құрмет» белгісімен, марапатталып, Қобда ауданының «Құрметті азаматы» болды.

Осындай кәсіби мерекесі қарасаңында мерекесімен құттықтай отырып, отбасына береке, қызметіне толағай табыстар тілейміз.

С.Шаймакова, Ойыл аудандық сотының бас маманы

Басқа жаңалықтар