Спорт

Дәстүрлі жарыс – әкеге құрметтің арқауы

Өткен сенбі күні Ұлы Отан соғысының ардагері Қ.Қарабалиев пен Ж.Бақтыгелдинаны еске алуға арналған ерсектер және қыздар арасында волейболдан дәстүрлі XIV облыстық турнирі өтті.

Турнидің  ашылуына аудан әкімі Дастан Сағыров келіп сөз сөйлеп қатысушыларға өзінің алғысымен қатар сәттілік тілегін білдірді. Әрі қарай жастардың басын қосуына өзінің септігін тигізіп жүрген осы турнирдің ұйымдастырушысы Рахым Қарабалиевте өзінің ойы мен сөзін ортаға салып келген қонақтармен жарыс қатысушыларына турнирдің не себепті ұйымдастырылып жатқандығына қысқаша ғана тоқталып өтті. Бұл ойынға ұлдар арасында Ойыл БЖСМ, аудандық ішкі істер бөлімі, Жүсібалиев ҚОМ, Саралжын ауылдық окургі және Ойыл аграрлық колледжі сынды бес команда қатысты. Ал қыздар командасына келетін болсақ, олардан да Ойыл командасы, Қызылқоға -1, Қызылқоға -2, Ойыл аграралық колледжі  және Қайынды ауылдық округімен бес команда бағын сынады. Ойынның нәтижесі жеңіс пен жеңілістен тұратыны белгілі. Осы турнирге қатысып тұрған  әрбір қатысушы жеңісті көздейтіні тағы бар. Дегенмен де ойынға ешбір командалар дайындықсыз келмегендері көрініп тұр. Әсіресе ерлер жағы әуедегі допты біріне-бірі көз ілестірмей соққы беріп, тіпті құлап бара жатып қағып қалып, допты жерге түсірмеуге тырысып жатты.

Қыздар жағы да қарап қалмады, оларда өз қарқындарымен жақсы ойын көрсете алды. Бірақ ойынның аты ойын, әсіресе волейбол ойыны іс-қимылдары және дайындықтары көзге көрініп тұрады. Оны төрешілер мен сол ойынды көруге келген қонақтар мен көрермендер де байқайтыны сөзсіз. Бүгінгі ойында да кімнің мықты, кімнің осалдық танытып жатқаны айтпаса да белгілі. Сонымен қатар осын ойынның тобықтай түйінін түйетін болсақ, ерлер арасындағы волейбол командасында 3-ші орынды иеленген аудандық ішкі істер бөлімі болса, 2-ші орынды Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы иеленсе, жүлделі 1-ші орынды Ойыл аграрлық колледжі қанжығаларына байлады. Ал қыздар командасына келетін болсақ, 3-ші орынды Ойыл аграрлық колледжі, 2-ші орынды Қызылқоға командасы алса, бас жүлде 1-ші орынды Ойыл командасы қоржындарына басты.  Жүлдегерлерімізбен жеңімпаздарымызға мадақтама қағаздарымен қатар, медальдармен ақшалай сый-сияпат табыстады. Айта кететін жайт, осы жарысқа қаржылай демеушілік білдіріп қолдау көрсеткен Рахым Қожасұлы алдағы уақытта да осындай жарыстармен шектелмей, тіпті  бокс сайысында да демеушілік көрсететін көпшілікке құлаққағыс етіп қойды.

Өміргүл ӘМІРХАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар