КӨП АУЫЛДЫҢ ТІЛЕГІ — КӨТЕРМЕ ЖОЛ МЕН КӨПІРДІҢ ЖАЙЫ
Өткен аптада аудан әкімі Асқар Қазыбаев ауданның бес ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп шықты. Кездесу барысында Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға жеке-жеке тоқталып, ауданның және ауылдық округтердің әр саладағы өсім деңгейімен таныстырып өтті.

Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл тұрғындары жергілікті жердегі бірқатар өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Тұрғындардан негізінен жол мәселесі, қысқы мал азығын даярлау, газ мәселесі, сынды бірқатар мәселелер қойылып, жеке шаруа қожалықтарының ауылдық округтің жайылымдық жерлерін тарылуына себеп болуы өтініштер келіп түсті. Сарбие ауылдық округінің тұрғындары негізінен ауданға қатынайтын көтерме жолды жөндеу, қазіргі таңда тозығы жетіп тұрған ауылдағы ауыз су құбырларын жаңарту жайын сұрайды.
Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары боиынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге баиланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл тұрғындары өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ауыл тұрғындарының тарапынан орталықпен қатынайтын жол мәселесі, газ мәселесі, мал ауруларының алдын алу шаралары бойынша да өтініштер келіп түсті. Сонымен қатар жұмыс мәселесі және қысқа дайындық жұмыстары талқыланды.
Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары аясында жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әр кездесудің соңында ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары боиынша қабылдау өткізілді.
Р.S. Қазір қай ауылға барсаңыз да, Алдыңнан кездескен адам алдымен Ойылға кіреберістегі көпірдің жайын сұрайды. Бұл әрине ертеңін ойлайтын адамның сөзі. Соңғы жылдарғы көктемгі қатынас «жағдай бақылауда» дегендердің талай «жағасынан алды». Ал, шалғай ауылдағылардың да базынасы сол баяғы — «жолдың жыры». Әйтеуір бізге тап болатын «ұзын арқан, кең тұсаумен» арқаны кеңге салған маңғаз мердігерлердің ісіне көпшіліктің көңілі толмайды. Жаз бойы жолдың бойындағы жүргенінен қаңтарылып тұрғаны көп жол құрылысының техникалары сөзімізге дәлел.
Сөзбұйдамен екі жылға созылған сергелдең алдағы көктемде де көпірдің құрылысы аяқталатынына күмән туғыза бастады. Әрине, асығыс жұмыс сапасыз болуы мүмкін. Бірақ, шыдамның да шегі бар!
Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.



