«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Ойыл аудандық коалициясының мүшелері Ойыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №18 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, оның қоғам өміріндегі маңызы және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін нығайтуға бағытталған жаңашыл нормалары туралы кеңінен айтылды. Әсіресе, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салалардың қызметкерлері үшін заң үстемдігі, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау, еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, елдің болашағына қатысты маңызды бастамалар жөнінде ой алмасты. Мұндай кездесулер қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, алдағы референдумның маңызын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.

