Мәдениет

«OIYL LIVE» — КӨҢІЛДІ КЕШТІ БІРГЕ ӨТКІЗЕЙІК!

Ойыл селосында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени өмірге белсенділігін арттыру және шығармашылық ортаны дамыту мақсатында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақта «Oiyl Live» мәдени жобасының жаңа маусымы салтанатты түрде ашылды.
Жобаның ашылу салтанатында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынып, әсем әндер мен көркем музыкалық шығармаларды орындады. Ашық аспан астында өткен кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.
«Oiyl Live» – аудан тұрғындарының мәдени демалысын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған дәстүрлі жоба. Бұл бастама жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын насихаттап қана қоймай, тұрғындар мен қонақтардың басын қосатын, рухани құндылықтарды дәріптейтін мәдени алаңға айналмақ.
Ойыл ауданы әкімдігі барлық тұрғындарды әр жұма сайын Орталық саябақта өтетін «Oiyl Live» мәдени-музыкалық кештеріне қатысуға шақырады. Бірге ән тыңдап, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын жазғы кештердің сәнін бірге келтірейік!

 

Related Articles

Back to top button