Денсаулық

Жұқпалы ауруға шалдықпаудың жолы – екпе!

Жұқпалы аурулардың алдын-алу уақтылы вакцинациялауға және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауға негізделген. Инфекциялар дүние жүзінде ауру мен өлімнің басты себебі. Оларға әсіресе жас балалар, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар науқастар, онкологиялық аурулардан емделетін немесе иммуносупрессиялық препараттарды қабылдайтын науқастар, иммунитет тапшылығы бар науқастар осал.

Кез-келген басқа да аурулар сияқты жұқпалы аруларды емдегеннен, болдырмау оңай. Оның жолы: екпе жасау, шынығу, таза ауада серуендеу, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, жеке бас тазалығын сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту, қоршаған ортаны қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын-алу, таралуын шектеу және жою мақсатында екпе жасау арқылы иммунопрофилактика жүргізіледі. Аурудың алдын-алудың қандай әдісі болмасын, ол дертті болдырмауға мүмкіндік беретіні өте маңызды.

Жұқпалы аурулардың алдын алып, олардың таралуына жол бермеу үшін гигиена мен дене шынықтыруға төзімділігін арттыру, профилактикалық егулерді уақытылы алу, карантиндік іс-шаралар мен инфекция көзін емдеу керек! Жұқпалы аурулардың алдын-алудың ең тиімді әдісі – екпе!

Ойыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Related Articles

Back to top button