Жаңалықтар

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – МӘҢГІЛІК ҰЛТ

Кітап – адамзат ақыл-ойының асыл қазынасы, руханият әлемінің сарқылмас бұлағы. Оның әр парағында өткеннің өнегесі, бүгіннің тағылымы, болашақтың бағдары жатыр. Кітап оқыған адамның көкірек көзі ашылып, ой-өрісі кеңейеді, жүрегіне ізгілік ұялайды. Ал кітапты серік еткен ұлттың рухы биік, болашағы жарқын болмақ.

Бүгінде елімізде ұйымдастырылып жатқан«Кітап оқитын ұлт» республикалық байқауы – жас ұрпақтың жүрегіне білім шырағын жағып, рухани әлеміне сәуле түсіретін игі бастама. Бұл байқау туралы алғаш естіген сәтте ерекшеқуанышқа бөлендім. Өйткені қазіргі ақпараттықтехнологиялар қарыштап дамыған заманда біз, жасөспірімдер, кейде кітаптың құдіретінұмытып, уақытымыздың басым бөлігін телефон экранына телмірумен өткіземіз. Әлеуметтікжелінің қызығына алданып, рухани байлықтыңшынайы қайнары саналатын кітаптан алыстапбара жатқанымыз да жасырын емес. Осындайсәтте бұл байқау ұмыт бола бастаған асыләдетімізді қайта жаңғыртып, кітапқа дегенсүйіспеншілігімізді оятқандай болды.

Шынымды айтсам, мен де бұрын кітап оқуғаерекше құштар болмадым. Қалың кітаптыңпарақтарын ақтару маған қызықсыз әрі ұзақуақытты қажет ететін іс болып көрінетін. Алайда адамның өмірге деген көзқарасынөзгертетін сәттер болады екен.

Бір күні ұстазым бізді кітап оқуға шақырып, «Келіңдер, бәріміз бірге кітап оқиық! Кітапәлеміне саяхат жасап, кімнің қандай жаңалықашатынын көрейік!» деген ұсыныс айтты. Алғашында бұл бастамаға аса қызығушылықтанытпағаным рас. Дегенмен ұстазымныңжылы сөзі мен сенімі мені ойландырды. Сөйтіп, мектеп кітапханасынан бір кітап алып, оқуғабел будым.

Сол сәттен бастап мен үшін бұрын беймәлімболып келген ғажайып әлемнің есігі ашылды.

Кітаптың алғашқы беттерін парақтаған сайынкөз алдымда сан түрлі тағдырлар, қилыоқиғалар, қызықты кейіпкерлер тіріле бастады. Бірде олардың қуанышына ортақтасып күлсем, енді бірде мұңына жүрегім елжіреп, жанарымжасқа толды. Кейіпкерлердің әрбір әрекетіненөзіме сабақ алып, олардың өміріненадамдықтың, адалдықтың, мейірімділіктіңмәнін ұғындым. Сонда ғана кітаптың жай ғанақағаз бетіне түскен сөздер жиынтығы емес, адам жанын тәрбиелейтін, жүрекке жолтабатын ерекше құдірет екенін түсіндім.

Телефондағы қысқа бейнелер көздіқызықтырғанымен, олардың әсері көп ұзамайұмытылады. Ал жақсы кітаптан алған әсержүректе ұзақ сақталып, санаңда терең ізқалдырады. Кітап маған ойлануды, сезінуді, өмірге басқа қырынан қарауды үйретті. Бойымдағы кітапқа деген сүйіспеншіліктіңалғашқы ұшқынын жаққан аяулы ұстазыма солүшін шексіз ризамын.

Халқымыз «Кітап – білім бұлағы, білім – өміршырағы» деп бекер айтпаған. Шынында, кітап– адамды кемелдікке жетелейтін рухани ұстаз. Кітаппен дос болған жанның ойы терең, сөзікөркем, дүниетанымы кең болады. Ол өз ойынеркін жеткізіп, әр мәселеге байыппен қарайбіледі. Әсіресе мектеп қабырғасында кітапоқудың пайдасы орасан зор. Көркем әдебиеттісүйіп оқитын оқушылардың сөздік қорымолайып, тіл байлығы артады, шығармашылыққабілеті дамиды. Олардың жазғаншығармасынан да, сөйлеген сөзінен де әдебиетке деген сүйіспеншілік пен тереңойдың табы сезіліп тұрады.

«Кітап оқитын ұлт» байқауының мен үшін тағыбір ерекше қыры – оның оқушылар арасындағыдостықты нығайтып, ортақ қызығушылыққалыптастыруы. Бұрын сыныптастарымызбенкөбіне телефондағы ойындар мен әлеуметтікжелідегі жаңалықтарды талқылайтын едік. Ал қазір әңгімеміздің арқауы өзгере бастады.

«Қандай кітап оқып жүрсің?», «Саған қайкейіпкер ұнады?», «Мына шығарманы міндеттітүрде оқып көр!» деген сөздерді жиі еститінболдық. Бір-бірімізге кітап ұсынып, оқығаншығармаларымыздан алған әсеріміздібөлісеміз. Кейде бір кейіпкердің іс-әрекетінеәртүрлі көзқарас білдіріп, өз ойымыздыдәлелдеуге тырысамыз. Осындай сәттердекітаптың адамдарды жақындастыратын, жүректерді табыстыратын ғажайып күшке иеекенін сезінемін.

Бүгінгі заманда «Интернет дамыған кезде кітапоқудың қажеті қанша?» деген пікірлерді де естіп қаламыз. Алайда мен бұл ойменкеліспеймін. Өйткені интернет ақпараттыжылдам жеткізгенімен, ондағы мәліметтің бәрібірдей адамның рухани дүниесін байытабермейді. Ал көркем әдебиет – ғасырлар бойыадамзаттың ақыл-ойымен, өмірліктәжірибесімен, жүрек тебіренісіменқалыптасқан баға жетпес мұра.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдағаноқушының бір мақсат жолында бас қосып, кітапоқуға ден қоюы – көңіл қуантатын құбылыс. Бұл– білімге ұмтылған жас ұрпақтың, руханижаңғыруға бет алған елдің жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалардың арқасында кітапоқуды күнделікті өмірінің ажырамас бөлігінеайналдырған саналы, парасатты ұрпаққалыптасатынына сенемін.

Мен өз қатарластарыма, барша жас достарымажүрек түкпірімнен шыққан бір тілегімді жеткізгімкеледі: қымбатты достар, кітаппен досболайық!

Телефонға бөлетін уақытымыздың аз ғанабөлігін кітап оқуға арнайық. Кітап сөрелеріндеүнсіз тұрған әрбір шығарма бізді жаңа әлемгежетелеуге дайын. Тек сол әлемнің есігін ашуғаниетіміз болса жеткілікті. Өйткені кітап – үнсізсырлас, адал дос, ақылшы ұстаз. Ол ешқашансенен теріс айналмайды, керісінше, әркездескен сайын саған жаңа ой, жаңа үміт, жаңа арман сыйлайды.

Мен кітапты енді жай ғана оқу құралы емес, өмірлік серігім деп қабылдаймын. Әр оқығаншығармамнан өзіме жаңа бір сабақ алып, жандүниемнің байып келе жатқанын сезінемін. Бәлкім, бүгінгі қолыма алған кітабым ертеңгіүлкен армандарыма бастар алғашқыбаспалдақ болар.

Біз – тәуелсіз Қазақстанның ертеңіміз, еліміздіңүміт артқан жас буынымыз. Ендеше, солсенімге лайық болу үшін білімге ұмтылып, кітапты өміріміздің шамшырағынаайналдырайық.

Өйткені кітапқа құрмет көрсеткен елдің рухыасқақ, білімге құштар ұрпақтың келешегі кемелболады.

Назерке САҒЫНОВА,

Шәрбану Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушысы.

Related Articles

Back to top button