ӘкімдікБасты тақырып
Ауданға жаңа әкім тағайындалды
Сейсенбі, 2-шілде күні Ақтөбе облысы Ойыл ауданына жаңадан әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалин бұл қызметке Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлын тағайындады.
Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламалардың сапалы түрде жүзеге асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың, оның ішінде жастардың жұмысқа орналасуын басты назарда ұстау қажеттілігін айтты.
«Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту және инвестиция тарту, бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Енді жаңа әкім осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, сапалы түрде атқару қажет. Бұдан бөлек, бизнестің жол картасы, қарапайым заттар экономикасы саласын, еңбек ресурстарын реттеп, халықты жұмыспен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын», — деді Оңдасын Оразалин. Ал, Ойыл ауданын осы уақытқа дейін басқарып келген Дастан Сағыровқа облыс басшысы ауданға жасаған қызметі үшін алғысын білдірді.