ӘлеуметБасты тақырып

«Тазалық – денсаулық негізі»

Міне дәл осындай ұғымды ұстанған ауданымыздың 1993 жылы туылған азаматтары өткен сенбіде тазалық жұмыстарына атсалысты. Нақтырақ айтсақ, Ашықбай, Ақсай бағытындағы жазықтықта жайылған құстай жайрап жатқан тұрмыстық қалдықтарды тазалауға жұмыла кіріскен жастар туған жерге деген ыстық сезімін ерікті түрде жасаған тазалық жұмыстары арқылы көрсетті. Себебі жоғарыда аталған бағытта табиғат аясына шыға қалған жағдайда алдымен айналада ұшқан қағазбен пластик материалды тұрмыстық қалдықтарға тап боласың. Тіпті құрылысқа қажетті құм алуға барғанның өзінде әр жусанның түбіне байланған полиэтилен пакеттер кім-кімді болса да табиғатты аялап, тазалық жасауға шақырып тұрғандай әсерде қалдырады. Сондықтан осындай жұмысқа білек сыбана кіріскен 1993 жылғы азаматтар бір күн бойы тазалық жұмыстарын жасады. Осындай игі іс кезінде қой бағып жүрген қойшылардың алғысын айтпай кетуге болмас. Өйткені күннің шуағына ұйықтап қалатын жас төлді шашылған қоқыстан ажырату мүмкін емес еді.

P.S. Біз бірлігі мен ынтымағы жарасқан егеменді елдің жастары туған жерімізбен табиғат ананы таза ұстауға шақырамыз!

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар