Әкімдік

Жолдаудың бағыттарын жеткізді

«Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин бастаған топ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, дөңгелек үстел өткізді. Еркін тақырыпта өрбіген жиын Елбасымыздың биылғы Жолдауын түсіндіруге бағытталды.

Жолдаудың он міндетіне жеке жеке тоқталып, қарапайым тілмен байланыстырып, түрлі мысалдар арқылы түсіндірілді.

Сонымен қатар аудандық «Нұр Отан» партиясы мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бірлескен түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына байланысты осы тақырыпта кеңінен тоқталды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Сатыпалды Алпысбаев жеке құрам бойынша осындай басқосулар арқылы, түсінік жұмыстарының ұдайы жүріп отыратындығын айтып, түрлі шараларда әркез қолдау білдіріп, жоспарлы жұмыстарды бірлесе атқаруда белсенділігі үшін партия өкілдеріне алғысын білдірді.

Басқа жаңалықтар