Басты тақырыпДенсаулық
Жетікөлге жаңа «Жедел жәрдем»
Жыл сайынғы барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруі кезінде тұрғындар негізінен ауылдың ортақ әлеуметтік мәселелерін көтереді. Соның бірі – соңғы жылдары Қараой ауылдық округінің тұрғындары ауылға жедел жәрдем көлігінің қажеттігін айтқан еді. Тілектері көпке созылған жоқ.
Өңірдегі жұқпалы аурулардың, оның ішінде COVID-19 короновирустық инфекциясының өршуіне қарсы тұруға дайындық деңгейін жоғарылату мақсатында өткен аптада Ойыл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Асылбеков Қараой дәрігерлік амбулаториясына жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін ресми түрде табыстады.
Ойыл аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айбек Асылбеков «Пандемияның екінші толқынына аудан көлемінде жан-жақты дайындық жүргізіліп жатқандығын мәлім етті. Соның бірі, алыс шалғайдағы ауылдар жаңа жедел жәрдем автокөліктермен қамтамасыз етілуде. Бұл жағдайға үкіметтің үлкен қолдау жасағанын, ауыл тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан басты назарда» — екенін айрықша атап өтті.