ӘлеуметБілім

«Тәрбиелі ұл-өнегелі әке»

Осындай атаумен Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде әкелер мен балалардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлінің мәнін ұғындыру, ұлдың тәрбиесі туралы ой бөлісу, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайтуды көздеген дөңгелек үстел басындағы кездесу қонақтарды сергіту үшін «Қара  жорға» биімен басталды. Ал негізгі бөлімінде әкеге  деген құрмет пен әкелеріміздің ұрпақ тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ойларымен бөлісті. Ұлдарымыз әкелері туралы жақсы ойларын айтты. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылғандықтан әкелеріміз бен ұлдарымыз арасында достық ойыны ретінде арқан тартыс өткізілді.  Әкелеріміз бен ұлдарға «Көпір» атты тренинг ұйымдастырылды.

Айнагүл Өтенова,
Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі.

Басқа жаңалықтар