Әкімдік

РЕФЕРЕНДУМ БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗДЫ АЙҚЫНДАЙДЫ

Сан ғасырдан бабаларымыз аңсаған егемендікті алғанымызға отыз жылдың белесінен енді асып келеміз. Ел болып, ес жиып, еңсемізді тіктеу жолында көптеген тер төгілді. Әлбетте, бұған дейін елімізде атқарылған жұмыстар мен саяси реформаларды теріске шығаруға болмайды. Біз әрқашан бірлікте болғанда ғана болашаққа нық қадам басарымыз айқын.

Осы бағытта Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша 5 маусымда референдум өткізу пісіп-жетілген, аса маңызды шара. Әділ сайлау, референдум халықтың белсенділігін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастырады. Мемлекет тағдырына тікелей, түбегейлі әсер ететін өзгерістердің референдумға шығарылуы дұрыс шешім деп қабылдаймыз. Жаңа Қазақстанның бүгінгі әрі басты бағыты айқын. Яғни, билікті орталықсыздандыру, демократиялық үрдісті нығайту.   Нәтижесінде ел өмірін өзгертуге деген тың серпіліс, құлшыныс оянады. Әрі кез-келген азаматтың ұтымды ұсынысы мен пайымды пікірі ескеріледі. Бұл қоғамды дамыту жүйесінің жаңғыруы деп түсінеміз. Сондықтан барша жерлестерімді ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін референдумға қатысуға шақырамын.

Биғали Ахметов,
Еңбек ардагері.

Басқа жаңалықтар