ӘлеуметБасты тақырып

ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ҮШІНШІ СӘУІР КҮНІ «АУДАННЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ АУМАҒЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ» АУДАН ӘКІМІНІҢ ӨКІМІ ШЫҒЫП, ЕКІ АЙЛЫҚ ЖАРИЯЛАНДЫ. БҰЛ ШАРА 31 МАМЫРҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ. ЕКІ АЙЛЫҚ КЕЗІНДЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАРТУ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕНДІРУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР БАСТАЛЫП КЕТТІ.

Көктем шыға сала, жалпы аудандық «Екі айлық сенбілік» санитарлық-тазалық жұмыстарына барлық ауылдық аймақтар мен елді мекендерде тазалық жұмыстарын жүргізу басталды. Осыған орай, Қайыңды ауылдық округі бойынша тазалық айлығын ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі жоспар бекітілді. Тазалық жұмыстарына 60-қа жуық мекеме қызметкерлері атсалысты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — демекші, тазалық жұмыстарына 2 техника жұмылдырылып, қазіргі таңда 100 тонна күл-қоқыс мен тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, Қайыңды, Иманов, Жастар көшелеріне санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді. Тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін түзеп, әктеу, қоршауларын жөндеу, жұмыстары қызу жүргізіліп келеді. Мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта жұма сайын жалғасын табатын болады.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар