ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ОЙЫЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
4-7 наурыз аралығында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес жыл сайынғы арнайы ұйымдастырылатын мемлекеттік қызметшілердің облыстық жазғы спартакиада ойындары өтті. Өз ісін жетік білетін аталған мемлекеттік қызметшілер сайыс барысында қабілеттерін танытып, жақсы ойын өрнегін көрсете білді.
Спартакиада қорытындысы бойынша ауданымыздан қатынасқан мемлекеттік қызметшілер арасынан облысымызда ауданның намысын қорғап, нәтижелі жетістікке жеткен мемлекеттік қызметшілер бар. Білекті жігіттер күштерін сынға салатын гір спортынан аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин жүлделі ІІ орын иеленсе, 90 кг салмақ дәрежесінде гір көтеру спорты бойынша Ойыл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Зейнур Берғалиев І орын иеленді. Ал,қазақ күресінен керемет айла-әдістерін көрсете білген 90 кг салмақ дәрежесінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Райымбек Әділханов ІІІ орын иеленіп, жеңіспен оралды.