Әлеумет

ОЙЫЛ АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРУ МЕН САНИТАРЛЫҚ- ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудандық мәслихат депутаты, аудандық «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жетекшісі Жангүл Ізғарина «TAZA QAZAQSTAN» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Таза бейсенбілік» акциясы бойынша, Ойыл ауылдық округінің әкімі Артур Сәрсенбайұлымен бірге, аудан орталығының санитарлық- тазалығына депутаттық бақылау жасады.

Бақылау барысында, аудан орталығының санитарлық-тазалық жұмыстары уақытылы жүргізілуі туралы және тұрғындар тарапынан депутаттық қабылдауларда түскен өтініш бойынша қоқыстарды дер кезінде шығару, түйіп-тазалау жөнінде Ойыл ауылдық округінің әкіміне айтылып, Артур Сәрсенбайұлының тарапынан жіті бақылауымен тазалыққа барлық қоғамдық қызметтегі жұмысшы топ та, техникалар да, ауданның санитарлық тазалығына өте белсенді жұмылдырылатынын жеткізді.
Сонымен қатар Ойыл ауылдық округінің арнайы техникаларын жұмылдыра отырып жоғарыда көрсетілген орындарды қоқыс қалдықтарынан тазалау жұмыстарын жүргізетінін айтып өтті.
Ойыл ауылдық округінің әкімі Артур Сәрсенбайұлына санитарлық тазалыққа байланысты ұсыныстарымызды айтып, ауданды абаттандыру бағытындағы депутаттық бақылау жалғасын табатынын жеткізді.
Ауданымыздың санитарлық тазалығын жақсартуда және келбетін абаттандыруда ауыл тұрғындар да өз жауапкершілігін сезініп, бұл бағыттағы жұмыстардың барлығымызға ортақ екенін ұғынып, санитарлық тәртіп пен тазалықты сақтауға барынша атсалысу қажет!

Басқа жаңалықтар