Әлеумет

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 30 күн қалды!

Астана қаласында өтетін әлемдік бәсеке – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына небәрі бір ай уақыт қалды. Бұл тарихи оқиға әлемдегі көшпенді халықтардың мәдениеті мен спорттық дәстүрлерінің тоғысатын орны болып табылады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бай мәдени мұра, дәстүрлі спорт түрлері мен қолөнерді көрсетуге арналған бірегей алаң. Аталған спорттық оқиға мыңдаған спортшы мен көрерменді тартып, достық пен ынтымақтастық атмосферасын құрады деп күтіледі.
Қазіргі таңда барлық бағыт бойынша соңғы дайындық кезеңі жасалып жатыр. Ойындардың ашылу салтанатына және барлық спорт түріне билеттер сатылымға шықты, жарыстар өтетін спорт ареналары да қатысушыларды қабылдауға дайын. Сонымен қатар, ойындарға қатысатын ұлттық құрама командалары жарыс алдындағы соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиындарын өткізу үстінде.
Жарысқа 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал бас серіктесі – Halyk Bank.
Барлық жарысқа билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар