Референдум
Ата Заң – кез келген мемлекеттің берік іргетасы, құқықтық жүйесінің өзегі, қоғамның даму бағытын айқындайтын басты құжат.

Қазақстан үшін бұл құндылық 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы арқылы бекітілді. Осы тарихи шешім ел тәуелсіздігін нығайтып, саяси тұрақтылық пен экономикалық дамудың берік негізін қалады.
Бүгінде Ата Заң жобасын қолдау – бұл жай ғана құқықтық құжатты мақұлдау емес, ол – мемлекетіміздің болашағына, тұрақтылығына және өркендеуіне сенім білдіру. Конституциялық өзгерістер қоғамның сұранысына сай жүргізіліп, уақыт талабына жауап беруі тиіс. Себебі әлем үздіксіз өзгеруде, жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер пайда болуда. Осындай кезеңде Ата Заңды жетілдіру – елдің дамуына тың серпін береді.
Арыстанов Марат Қанатұлы — Ойыл аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, спорт ардагері



