ӘкімдікӘлеумет

Абыройлы қызметпен зейнетке…

Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп, өзінің бар білімі мен тәжірибесін қызметіне арнап, кейінгі ұрпаққа үйретудегі аға буынның еңбегі әрқашанда құрметке лайық. Осындай құрметке лайық мемлекеттік қызметші Сарбие ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Берік Бегіманұлы Оразбаев бүгінгі күні зейнеткерлік жасқа жетіп отыр.
Еңбек жолын Ойыл ауданы, «Жекенді» совхозының еңбекақы төлеу жөніндегі экономисті қызметінен бастап, Сарбие ауылдық округінің маманы қызметінен округ әкімі лауазымына дейін жоғарылатылып, кейіннен білікті маман ретінде жалғастырды.
Қызмет жасаған жылдар ішінде ауылдық округтің инфрақұрылымын дамытып, өсіп-өркендеуіне, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартудағы мемлекеттік қызметтегі тынымсыз еңбегінің арқасында абыройға бөленген, ауылына сыйлы азамат. Бүгінде зейнеткерлік жасқа толған Б.Бегіманұлын аудан әкімі Асқар Қазыбаев арнайы барып құттықтап, алғыс хат табыстады.

С.ШАМАЕВА,
аудан әкімі аппаратының персоналды басқару
 (кадр қызметі) бөлімінің жетекші маманы.

Басқа жаңалықтар