Экономика
Мемлекет басшысының бұл мөлшерлемені қайта қарастыру жөніндегі бастамасы – дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім

ҚҚС мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру экономикаға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін, оның ішінде тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, инфляцияның өсуі және көлеңкелі экономиканың ұлғаюы. Сондықтан, Мемлекет басшысының бұл мөлшерлемені қайта қарастыру жөніндегі бастамасы – дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім деп санаймын. ҚҚС мөлшерлемесін саралау, бизнес пен халықтың мүдделерін ескеру және ғылыми негізделген экономикалық есептеулерге сүйену – салықтық реформаның тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарттары. Мемлекет өз азаматтарының әл-ауқатын қорғап, экономикалық тұрақтылықты сақтауды басты мақсат ретінде қарастыруы тиіс.
Изғарина Жаңгүл
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы басшысы
Мәсихат депутаты