Әлеумет
«КІТАППЕН ЖҮРЕТІН ЖОЛ»

Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі облыстық «Үздік кітап көрмесі» байқауында ІІ орын иеленді. Біздің ерекше кітап көрмеміз – «KitapStreet: Кітаппен жүретін жол» деп аталды.
«KitapStreet: Кітаппен жүретін жол» көрмесі төрт әдеби көшемен безендірілді.
ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ көшесі – өзін-өзі тануға, өсуге бағыттайтын психологиялық кітаптармен;
СЕЗІМДЕР көшесі – махаббат пен өмірдің нәзік қырын бейнелейтін туындылармен;
ӨТКЕНГЕ ОРАЛУ көшесі – тарихтың тереңіне жетелейтін еңбектермен;
ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ көшесі – қиял мен фантастикаға толы шығармалармен толықты. Әр көше – оқырманды жаңа әлемге жетелейтін кітап жолы болды.