ӘлеуметБасты тақырып

Арнайы қызметтердің дайындығы пысықталды

Өткен аптада ауданда «Қыс — 2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Іс-шарада жауапты органның қысқа әзірлігі сараланды. Оқу-жаттығу жиынына аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың әзірлігін тексерді.

Мұндай іс-шара республика аумағын түгел қамтиды. Оқу-жаттығу қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңге әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі. Қыс маусымына дайындық аясында жергілікті атқарушы орган инертті материал мен жанар-жағармай қорын жасақтады.


Сондай-ақ аудан аумағында төтенше жағдай туындаған жағдайда тұрғындарды уақытша орналастыру үшін мемлекеттік мекемелер базасында жылыту пункттері жасақталды.
Қыста жолда қалған жолаушыларға төтенше жағдайлар және полиция басқармасының өкілдері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері түсіндірме және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.


Мамандардың айтуынша, төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде өткен жылдың қысында төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Related Articles

Back to top button